Спорт

Алты дүркін Азия чемпионы Алексей Луценко өңірге оралды

Өңіріміздің мақтанышы, Азия ойындарының алты дүркін чемпионы Алексей Луценко туған жеріне табан тіреді. Жерлесімізді әуежайдан спорт саласының өкілдері, жанкүйерлері мен жақындары салтанатты түрде қарсы алды. Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өткен Азия ойындарында жерлесіміз 2 алтын медаль жеңіп алды. Осылайша Алексей – құрлықтық додадағы чемпиондық атақтарының санын алтыға жеткізген алғашқы қазақстандық спортшы. Бірақ бұл ойындар Алексей Луценко үшін соңғы халықаралық дода болды. Ол кәсіби спорттағы 15 жылдық мансабын аяқтауға шешім қабылдағанын мәлімдеді.

АЛЕКСЕЙ ЛУЦЕНКО, Азия ойындарының 6 дүркін чемпионы:
– “Мен үшін бұл соңғы Азияда болды. Сайыста аянып қалмадым. Қазақстан қоржынына 2 алтын медаль салдым. Енді спорттан демалғым келеді. Мансабымды аяқтаймын. Сол себепті, туған жеріме келдім. Енді отбасыма, балаларыма және ата-анама көңіл бөлгім келеді. Велоспортқа бар өмірімді арнадым, сол үшін бұл шешімді қабылдау оңайға соқпады. Алға әлі нақты жоспар қойған жоқпын, қазір ең бастысы тынығып, ойымды жинақтап алу қажет”.

Улан Ыдырыс