Қоғам

4 қараша күні телеарналар көрсетілімі уақытша тоқтайды

4 қараша күні Солтүстік Қазақстан облысында телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады. “Қазтелерадио” мамандарының хабарлауынша, осы күні тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Соған байланысты сағат 03:00-ден кешкі 17:00-ге дейін “Отау TV” спутниктік теледидары, цифрлық эфирлік телеарналар мен радионың жұмысы тоқтатылады. Техникалық жұмыстар хабар тарату жүйесінің сапасы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Жансая Дербисова