НҰРАСЫЛ ЕРЖАНҰЛЫ, тілші:
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл да игі дәстүрден жаңылмады. Президент елорда төрінде ел тұрғындарына кезекті Жолдауын жариялады. Биылғы саяси шараның тақырыбы: “Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері”. Алдағы уақытта елімізді оң өзгерістер күтіп тұр. Қай салада болмасын ауқымды жұмыстар жүргізіледі”.
Биыл еліміздің жалпы ішкі өнімі 400 млрд долларға жуықтаған. Оның жан басына шаққандағы үлесі 19 мың долларды құрайды. Қазақстан экономика көлемі жағынан әлемде 47-ші орынға көтерілді. Мемлекет басшысы алдағы уақытта қор активтерінің қаржысын аймақтарды көркейтуге бағыттау қажеттігін жеткізді.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Елде құрылыс бастамасын белсенді жүзеге асыруда тапсырамын. Қазақстанда аса қажетті әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылым нысандары салынады. Ауқымды істерді жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан шамамен 6,5 млрд теңге бөлінеді”.
“Көкшетау-Петропавл” тас жолын кеңейту жұмыстары басталады
Мемлекет басшысы Ұлттық қордың ресурсын жинақтау және оны пайдалану арасында теңгерім болу қажеттігін жеткізді. Қаражатты тек қоғамға пайдалы дүниеге ғана жарату қажет. Халықтың әл-ауқатын арттыру үшін жол инфрақұрылымына ерекше көңіл бөлуіміз керек. Солтүстік өңірлерде аталған мәселе ақсап тұр. Қасым-Жомарт Кемелұлының айтуынша, түйткіл өз шешімін табады.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:
– “Ендігі кезекте “Көкшетау-Петропавл” тас жолын кеңейту ісіне кірісу керек. Автокөлікпен жүк тасымалдайтын отандық кәсіпкерлерге жәрдем беру қажет. Негізгі мақсат – жолдардың әлеуетін нығайтып, азаматтарымыздың табысын арттыру”.
Қазақстанда алдағы уақытта 8 перинаталдық орталық салынады
Қазақстанда 7 млн-ға жуық бала бар. Бұл – халқымыздың 64 пайызы. Жыл сайын елде 330 мыңнан астам бала дүниеге келеді. Сондықтан денсаулық сақтау инфрақұрылымын жүйелі түрде дамыту – басты міндет.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Ауқымды құрылыстың алғашқы кезеңінде ел бойынша 8 заманауи перинаталды орталық салуды жоспарлап отырмыз. Бұдан басқа, 7 көпбейінді балалар ауруханасы бой көтереді.
Мемлекет басшысы алқалы жиында 2027 жылды “Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы” деп жариялауды ұсынды. Жолдауда айтылған бастамалардың барлығы халықтың әл-ауқатын арттыруға, әсәресе өскелең ұрпақтың игілігіне бағытталғанын жеткізді.
Нурасыл Ахмет