Қазақстанның су саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес, республикалық меншіктегі 168 гидротехникалық нысанға көпфакторлы тексеру жүргізу көзделген. Көпфакторлы тексеру су шаруашылығы нысандарының жай-күйін бақылау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Мұндай тексерулер жөндеуді қажет ететін нысандарды дер кезінде анықтауға, сондай-ақ апаттар мен су бөгеттерінің бұзылу қаупінің алдын алуға мүмкіндік береді.
Дереккөз: https://t.me/ortcom_kz/58598