Денсаулық сақтау

Тайынша ауданында зейнеткерлер үйде медициналық тексеруден өтті

Тайынша ауданында зейнеткерлерге үйде медициналық тексеру ұйымдастырылды. Көмек «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында көрсетілді. Игі бастаманы «Әділет» партиясының өкілдері мен денсаулық сақтау саласы өкілдері қолға алды. Көшпелі тексеру барысында мамандар қариялардың қан қысымын өлшеді, негізгі көрсеткіштерді бақылады. Сондай-ақ тұрғындармен әңгімелесіп, күтіну және қажет болған жағдайда дәрігерге жүгіну жөнінде кеңес берді. Ұйымдастырушыларының айтуынша, мұндай шараларды өткізу емханаға өздігінен бара алмайтын қарттар үшін аса маңызды. Тайынша ауданында 20 аға буын өкіліне көмек көрсетілді. Мұндай көшпелі медициналық тексерулер қазан айы бойы өңірдің барлық аумағында жалғасады. «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында партия мүшелері 700-ге жуық адамды қамтуды жоспарлап отыр.

Нурасыл Ахмет