Kurultai banner mobile

БалаларДенсаулық сақтау

Туберкулездің ашық түріне шалдыққан балаға байланысты ауқымды тексеріс жүргізіледі

БАЙБОЛАТ БЕКТЕМІРҰЛЫ, тілші:

— №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешені. Бұл жерде 2 мыңға жуық бала білім алады. Кеше елді елең еткізетін жаңалық жария етілді. Аталған оқу ұясының оқушысы туберкулез дертін жұқтырған. Осы жайтқа қатысты түсініктеме алу үшін мектепке келіп қалдық.

ЕРМЕК БАҚТЫБАЕВ, №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешені директорының уақытша міндетін атқарушы:

— На тот период дети находились на каникулах, педагогический состав в отпусках.

Жаға ұстатарлық жайтты жіліктеп қараған жөн. Директордың уақытша міндетін атқарушы Ермек Бақтыбаевтың айтуына сүйенсек, туберкулездің ашық түріне шалдыққан бала мектепте соңғы рет мамырдың 30-ы күні болған. Медициналық қызметкерлерге ешқандай шағым білдірмеген. Сөйтіп, жазғы демалысқа кеткен. Жоғары сынып оқушысының денсаулығындағы кінәрат тек маусымның соңында байқалған екен.

ЕРМЕК БАҚТЫБАЕВ, №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешені директорының уақытша міндетін атқарушы:

— Оқушы маусымның 26-сы күні жоспарлы медициналық қаралуға барған. Флюрографиялық тексерістен өтіпті. Сол кезде пневмония белгілері байқалған екен. Көп ұзамай ол көпбейінді облыстық балалар ауруханасына емделуге жатқызылған. Ал шілденің 14-і күні мекемедегі компьютерлік томография науқастың туберкулезге шалдыққанын көркеткен. Яғни, оқушымыздың ауырып қалу жайты мектептен тыс жерде және демалыс уақытында орын алып отыр.

Мектепте әкімшілік тарапынан дизинфекция жұмыстары жүргізілген. Білім ұясында түрлі ауруларды ауыздықтауға арналған шара әр ай сайын қолға алынады екен. Ендігі кезекте – Петропавл қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы. Мұндағы мамандар қазір тиісті жұмысты жүргізіп жатыр.

ДАНИЯР ОСПАНОВ, Петропавл қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы:

— Біз хабар алған күні-ақ індеттің таралуына қарсы жұмыстарға кірістік. Дерт ошақтарында қорытынды өңдеу ұйымдастырылды. Сонымен қатар, науқаспен байланыста болғандардың тізімі жасалып, медициналық ұйымдарға эпидемиологиялық шараларды қолға алу бойынша қаулы жолданды. Құжатта мектеп әкімшілігін және 2-сыныптан жоғары оқушыларды да флюрографиялық тексерістен өткізу талабы жазылған. “Неге?” деген сауал туындап жатыр екен. Мұндай талап туберкулездің ашық түрінің тіркелуіне байланысты қойылды.

Яғни, байланыста болғандардың саны 2 мыңнан асып жығылады. Ал әлеуметтік желілерде жарыса пікір жазған ата-аналар бұған түсіністікпен қарауы тиіс. Денсаулық сақтау барқармасы баспасөз қызметінің дерегіне сүйенсек, қазір науқас бала облыстық фтизиопульмонология орталығында емделуде.

 

Байболат Құлтанов