ТЖ

Ақжар ауданында апатқа ұшыраған жүргізуші пікірі: “Көліктің тежегіші істен шықты”

Ақжар ауданында Уәлиханов ауданынан Көкшетауға бағыт алған Jak-J7 жеңіл көлігі аударылды. Салонда бір-біріне туыстық байланысы жоқ 42 жастағы жүргізуші мен жасөспірім бала болған. Екеуі де ауыр жарақат алды. Тізгіндегі азамат Ақжар аудандық ауруханасында ем қабылдауда. Оның сөзінше, көліктің тежегіші істен шыққан. Салдарынан темір тұлпар тоқтай алмаған екен. Әзірге апат болған сәттегі жылдамдық белгісіз. Ал екінші зардап шегуші облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілмек. Полицейлер алыс жолға шығар алдында тұрғындардан машинаның техникалық жай-күйін тексеріп алуға шақырады.