СТЕНДАП: ҰЛАН ЫДЫРЫС, тілші:
— Солтүстікқазақстандық мал дәрігерлері үй жануарларына қауіпті дерттерге қарсы екпе қоюда. Мысалы, Қызылжар ауылдық округінің мамандары ақпан айынан бері төңіректегі 6 ауылға тиесілі төрт түліктің 80 пайызын вакциналапты. Малдан бөлек, мұндағы құстар да иммундау шарасынан өтуде.
Екпе тұяқтыларға қарасан, пастереллез сынды қауіпті ауруларға қарсы қойылуда. Ал қанаттыларға құс тұмауы арналған вакцина салынып жатыр. Бұл маңызды іспен аудандағы 36 ветеринар дәрігер айналысады. Солардың бірі – Анеля Мұстафина. Нәзікжанды Қызылжар ауылдық округіне жауапты.
АНЕЛЯ МҰСТАФИНА, Қызылжар ауылдық округінің ветеринар фельдшері:
— Қызылжар ауылдық округінде 1600-ге жуық құс вакциналанды. Аталған бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда. Округте 3 мыңға жуық ірі қара мен 2 мың 900-ге жуық ұсақ тұяқты бар. Сонымен қатар, 900-ге жуық жылқы тіркелген. Әзірге, олардың 80 пайызына екпе қойылды. Жалпы, вакциналау жұмысы мамыр айында толық аяқталуы керек.
Гүлнәр Иманжанова – мал-құстың жай-күйіне алаңмен қарайтын азаматша. Приишим ауылының тұрғыны жыл сайын ветеринармен кездесіп, екпе салдырады екен. Айтуынша, оның қанаттылары әлі бірде-бір рет ауырып, қырылған емес.
ГҮЛНӘР ИМАНЖАНОВА, Приишим ауылының тұрғыны, Қызылжар ауданы:
— Мен құсты көптен бері ұстаймын. Вакцинаны құптаймын. Қазір тауықтарым ғана бар, барлығына екпе салынды. Жазда қаз сатып аламын, кейін мал дәрігерлеріне хабарлап, тұмауға қарсы иммундауды сұраймын. Бұл – өте дұрыс шешім. Қалтадан ақша шығарудың қажеті жоқ.
Қызылжар ауданында 19 ауылдық округ бар. Қазір мамандар 69 ауылда вакцинация жұмыстарымен қызу айналысып жатыр.
ЕРБОЛ БАГЕНОВ, Қызылжар ветеринария станциясының директоры:
— Бірінші жарты жылдықта 22 мыңнан астам ірі қара бруцеллез ауруына қарсы тексерілу керек. Бүгінде 75 пайызы тексерілді.
Ветеринария қызметкерлерінің сөзінше, кейбір тұрғындар екпеге қарсылық танытады. Бұл – құқық бұзушылық. Егер осындай дерек тіркелетін болса, тұлға 5 немесе 10 АЕК көлемінде айыппұл арқалайды.
Ұлан Ыдырыс