Петропавлда құрғақ шөп пен қамысты шабу жұмысы қарқын алды. Іске жауапты мамандар нысандар мен үйлерге жақын орналасқан аумақтарды анықтап, санитарлық тазалық ісін жүргізуде. Бұл – аса қажет шаруа. Себебі, алда-жалда от бұрқ етсе, жылдам таралуы мүмкін. Ал ондай өртті сөндіру де қиын. Бүгінге дейін облыс орталығында 70 гектардан астам төңіректе шабу жұмысы жүргізілген.
БЕРДІМҰРАТ БАЙМҰҚАН, қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы:
— Жұмыстар “Жұмысшы” кентінде, “Береке”, “Ойқала” ықшам аудандары мен өзге де жерде жүргізіліп жатыр. Бау-бақша серіктестіктері мен саяжайларда да қауіпті учаскелер анықталды. Алдағы уақытта шабылатын болады.