Қоғам

СҚО-да жолдарды тексеру жұмысы басталды

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ұлттық жол активтері сапасы орталығының филиалы республикалық автомобиль жолдарын диагностикалау жұмыстарын бастады. Іс Автомобиль жолдары комитетінің тапсырмасы бойынша жүргізілуде. Заманауи жылжымалы жол зертханасы жол жамылғысының жай-күйіне кешенді бағалау жүргізеді. Диагностика аясында тегістілікке, беріктікке назар аударылады, сондай-ақ ақаулар айқындалады. Кешен соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталған: 180 градусқа дейін шолу жасайтын камералар, жүріп өткен қашықтықты өлшейтін құрылғы және барлық өлшемдер мен ақаулардың нақты координаталық байланысын қамтамасыз ететін GPS-модуль бар.

ЕРКЕН ӘБІЛМӘЖІНОВ, “Жол активтері сапасы ұлттық орталығы” РМК СҚОФ инженері:

— Біз Көкшетау-Астана бағытындағы жолға диагностика жүргіземіз. Нақтырақ айтсам, Ресеймен шекарада тұрған “Жаңажол” өткізу пунктінен бастап, көршілес өңірге дейін тексереміз. Петропавлды айналма жол да қамтылады. Жолдың тегістігі халықаралық индекске сәйкес лазерлік құрылғының көмегімен бағаланады. Бұл алынған деректердің объективтілігі мен салыстырмалылығын қамтамасыз етеді. Әр метр бағаланады.