Спорт

Петропавлда халықаралық деңгейдегі дзюдо залы салынбақ

Петропавлда халықаралық талаптарға сай келетін дзюдо залы салынбақ. Ауқымды істің мән-жайы Олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат-колледжінде талқыланды. Жиынға танымал спортшылар мен инвесторлар қатысып, жобаның маңызын сөз етті. Заманауи орталықта татами шеберлері тәрбиеленеді. Олардың арасынан мықтылардың мықтысы да шығуы мүмкін. Жастарды қолдау аясында 30 жас дзюдошыға кимоно табысталды. Қазір қалада 140 дзюдошыны 11 жаттықтырушы баптайды. Жыл соңында Петропавлда алғаш рет дзюдодан жастар арасында ел чемпионатының өткізілуі жоспарланып отыр.