СҚО әкімдігі

Облыс әкімі құрылыс алаңдарын аралады

Петропавлда Қазақстан Конституциясы көшесін қайта қалыпқа келтіру жалғасуда. Маңызды жұмыспен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов танысты. Қазіргі таңда жобаның екінші кезеңі бойынша жұмыс жүріп жатыр. Оның аясында бас көше бойындағы барлық үйдің сыртқы келбетіне ерекше назар аударылады. Дәлірек айтсақ, баспаналардағы жарықшамдар көбейіп, жылуұстағыш материалмен қамталмақ.

СТАНИСЛАВ НАБОКОВ, “Қызылжар Құрылыс” ЖШС директорының орынбасары:

— Баспаналардың сыртын жылуұстағыш материалмен қаптау арқылы бір оқпен екі қоянды атып алуға болады. Бастаманың нәтижесінде тұрғындар жылуға аз қаржы төлейді. Сонымен қатар, баспаналардың келбеті көркейеді. Маңызды істі шілденің соңында аяқтауды жоспарлап отырмыз.

Баспаналарды жарықтандыру және жылуұстағыш материалмен қаптау жұмыстары жергілікті бизнес өкілдерінің қолдауымен жүзеге асуда. Жоба құны – 400 млн теңге. Айта кету керек, биыл жоспар бойынша Парк көшесінен Назарбаев көшесіне дейінгі аралық жаңартылмақ. Маңызды істі “Miras Group” және “Rublevka” серіктестіктері жүзеге асыруда. Қазіргі таңда еңбеккерлер ескі кеспетасты бұзу жұмыстарымен айналысып жатыр. Петропавлдағы Пестрое көлінің маңында 2028 жылы ұзындығы 6 шақырымға созылған экопарк пайда болады. Бірегей жоба тұрғындардың спорттың бірнеше түрімен айналысуға және серуендеуіне мүмкіндік береді. Жобаға құны 2 млрд 800 млн теңгеден асып жығылады. Қазіргі таңда аумақта сүру жұмыстары жүріп жатыр.

ЕРДЕН ШОРТЫБАЕВ, СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

— Экопаркте 520 машинаға арналған автотұрақ салынады. 200-ге жуық жарықшам орнатылады. Сонымен қатар, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құтқару бекетін де салуды жоспарлап отырмыз. Мердігердің жұмысын ұдайы бақылап жүрміз.

Құрылыс жұмыстарымен танысқан облыс әкімі өз ұсыныстарын жеткізді. Жауапты мамандарға бірқатар тапсырма берді.