Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанда экстремистік материалдарды сақтауға тыйым салынады

Парламент мәжілісі бірінші оқылымда қабылдаған арнаулы мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін заң жобалары аясында Қазақстанда экстремистік материалдарды сақтауға тыйым салу енгізілуде, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Сонымен қатар, заң жобасында экстремистік және террористік сипаттағы материалдарды әкелуге, басып шығаруға,
дайындауға және таратуға заңнамалық тұрғыдан бекітілген тыйыммен қатар, оларды сақтауға тыйым салу да ұсынылған», – деді депутат Болат Керімбек мәжіліс отырысында.

Сондай-ақ, депутаттар экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі міндеттеріне оның пайда болуы мен таралуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу мен жоюды да енгізді.

https://kaztag.kz/kz/news/aza-standa-ekstremistik-materialdardy-sa-tau-a-tyyym-salynady