Денсаулық сақтау

Қаңтар айында облыста 365 адам көзіне тегін ота жасатты

2026 жылдың қаңтар айында өңірімізде 365 пациентке тегін офтальмологиялық операциялар жасалған. Оталардың жалпы құны 108,8 млн теңгені құрайды. Оның ішінде жедел медициналық жәрдем желісі бойынша – 197, ал стационарды алмастыратын көмек желісі бойынша – 163 ота. Науқастарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында Петропавлдағы 2 жеке клиника қабылдайды. Емделушіден тек дәрігердің жолдамасы жеткілікті. Ал 2025 жылы аймақта МӘМС шеңберінде 1 млрд 249 млн теңгеге 4 057 офтальмологиялық операция жасалған.