Аптадағы маңызды жаңалықтарҚоғам

Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа – 40 жыл

Биыл адамзат тарихындағы ең ірі техногендік апаттардың бірі – Чернобыль атом электр станциясындағы жарылысқа 40 жыл толып отыр. Осыған орай С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада “Чернобыль апаты: адамзатқа ортақ ащы сабақ” тақырыбында диалог алаңы ұйымдастырылды. Өткенді еске алып, болашаққа ой түюге бағытталған кездесуге апат салдарын жоюға қатысқан азаматтар, мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысты.

Украинадағы Чернобыль атом электр станциясы 77-ші жылы салынып, қолданысқа берілген еді. Бұл кезде ол КСРО аумағындағы ең ірі әрі қуатты станция болатын. Ал 86-шы жылдан бері үрей тудыратын мекенге айналды. Апат орын алған аумақта Ақатжан Арықов жарты жыл әскери борышын өтепті. Ардагер сол күндер туралы жас ұрпаққа баяндап берді.

АҚАТЖАН АРЫҚОВ, СҚО “Чернобыль одағы” ҚБ төрағасы:

— 1986 жылы энергия өндіру қуатын арттырмақ болған. Алайда, қауіпсіздік жүйелері толық ескерілмей, қорғаныс тетіктері жеткілікті деңгейде жұмыс істемеген. Соның салдарынан төртінші реактор бақылаудан шығып, ақыры жойқын жарылысқа әкелді”. 00:18-00:47 “Апаттың болғанына биыл 40 жыл өтіп отыр. Осы жылдар ішінде талай әріптесіміз өмірден өтті. Бүгінгі дөңгелек үстел – сол азаматтарды еске алып, ортақ тағдыр тоғыстырған жандардың басын қосты.

Өз өмірін тәуекелге тіккендердің тағы бірі – Юрий Глумов. Ол 21 жасында
жарылыс салдарын жоюға қатысқан.

ЮРИЙ ГЛУМОВ, СҚО “Чернобыль одағы” ҚБ төрағасының орынбасары:

— Мен қызметімді тікелей Чернобыль қаласының өзінде, Қорғаныс министрлігінің арнайы зертханасында атқардым. Инженер-сынақшы болдым. Станция аумағында және оның төңірегіндегі радиациялық көрсеткіштерді жинақтап, өңдеу жұмыстарына қатыстым. Біз тұрғын үйлерді, түрлі нысандар мен аумақтарды тексеріп, ауа мен топырақтан сынамалар алдық. Зерттеу ауқымы тек Чернобыльмен шектелмей, Беларусь аймағын да қамтыды.

Радиация көзге көрінбейді. Бірақ, оның зардабы жылдар өтсе де сезіледі. Сол себепті, Чернобыль тек бір елдің ғана емес, бүкіл адамзаттың қасіреті.

((ИНТЕРШУМ: архив))

Апат салдарын жоюға Қазақстаннан 32 мыңнан астам адам қатысқан. Оның 4 жарым мыңға жуығы – Солтүстік Қазақстан өңірінің азаматтары.

Жаннұр Бектұрғанова