Қазақстан жаңалықтары

Биыл Қазақстанда әскери парад өтпейді – ресми ақпарат

Қазақстанда 2026 жылы әскери парад өткізу жоспарланбаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, дәстүрлі парадтың орнына ел көлемінде әскери-патриоттық және еске алу бағытындағы іс-шаралар өтеді.
«Әскери-патриоттық іс-шаралар жоспарланып отыр: ерлік сабақтары, үздік әскери қызметшілерді марапаттау, ардагерлерге құрмет көрсету, экологиялық акциялар,
әскери оркестрлер шеруі, шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетуі, техника мен қару-жарақ көрмесі, “сарбаз ботқасы” акциясы, ашық есік күндері», – деп мәлімдеді Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

https://azattyq-ruhy.kz/news/106178-biyl-kazakstanda-skeri-parad-otpeidi-resmi-akparat