Биыл Қазақстанда цифрландыру мен жасанды интеллект жылы. Осы орайда еліміздегі әр сала маманы заман игілін қолданып, оны өз
жұмысында тиімді қолдануға тырысуда. Қазір ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағында 4 ұлттық цифрлық жүйе жұмыс істейді, сонымен қатар жаңа 2 жүйе әзірлену үстінде. Оған қоса биылғы жылы ауыл еңбеккерлеріне кеңес беретін ақылды чат-бот іске қосылуы мүмкін. Бұл оң өзгерістер мал шаруашылығы саласын да айналып өтпек емес.
АЙДАРБЕК САПАРОВ, ҚР ауыл шаруашылығы министрі
— Мал шаруашылығын цифрландыруға ерекше назар аударылуда. Қазіргі уақытта төлді тіркеуден бастап ветеринариялық шаралар, сатып алу-сату және есептен шығару үдерістеріне дейін толықтай автоматтандырылған. Бұдан бөлек, жасанды интеллект элементтерімен “Ветеринариялық көмекші” қызметі әзірленуде”.