Экологиялық жобалар байқауы өтіп жатқан №43 орта мектепте баланы қоршаға ортаға қамқорлыққа тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінеді. Өйткені, мәселе өзекті. Түйткілді тарқатуға қазір билік тарапынан да баса мән беріліп жатыр. Аталған білім ұясында 800-ден астам оқушы оқиды. Жеткіншектер тазалық шараларына, табиғатты қорғауға бағытталған түрлі жобаларға белсенді қатысады. Мектеп директоры Әлия Әбілмәжінованың айтуынша балаға экологиялық тәрбие беру кейін оның саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.
ӘЛИЯ ӘБІЛМӘЖІНОВА, Ғ.Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп директорының орынбасары:
— “Таза Қазақстан” жобасы аясында бастауыш сыныптардан бастап экологиялық тәрбиеге ерекше көңіл бөлеміз. Оқушылармен бірге сенбіліктер ұйымдастырамыз, түрлі челлендж, жәрмеңкелер мен шығармашылық байқаулар өткіземіз, суреттер саламыз, қолөнер бұйымдарын дайындаймыз. Балалар өз ойларын жеткізеді, табиғатқа деген сүйіспеншілігін шығармашылық арқылы білдіреді. Басты мақсатымыз – оларды кішкентайынан табиғатты аялауға, қоршаған ортаға бейжай қарамауға үйрету.