СҚО әкімдігі

СҚО-да пайдаға аспаған мыңдаған гектар жер қайтарылды

Облыс прокурорлары пайдаға аспаған жерді мемлекет меншігіне қайтарды. 2026 жылдың басынан бері қадағалаушы орган өкілдерінің бастамасымен жалпы ауданы 73 мың гектардан асатын 87 жер учаскесі анықталды. Ақжар, Жамбыл, Уәлиханов және Ғ. Мүсірепов ауданында жер пайдаланушылар Қазақстан Республикасы Жер кодексінің талаптарын бұзған. Олар ауыл шаруашылығы мақсатындағы 86 учаскені тиісті деңгейде іске асырмаған. Ал Петропавл қаласында кәсіпкерлік субъектісі ұзақ уақыт бойы коммерциялық қызметке арналған 12 жарым га жер учаскесін пайдаланбаған. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша кадастрлық құны 362,9 млн теңге болатын, жалпы ауданы 4 447 гектар 7 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Қалған жер учаскелері бойынша тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр.