1-сәуірден бастап облыста “Қару иесі” жедел-профилактикалық шарасы өтіп жатыр. Оның аясында полицейлер 1500-ден астам мекенжайды тексерді. Нәтижесінде қайта тіркеу мерзімі өтіп кеткен 5 қару анықталды. Сонымен қатар, сақтау қағидаларын бұзудың 21 дерегі тіркелді. Дәлірек айтсақ, тұрғындар қару тұрған темір жәшікті дұрыс бекітпеген және ондағы дабыл жүйесі істен шыққан. Жайсыз жайттардың алдын алу мақсатында 40-тан астам қару заңбұзушылықтар жойылғанға дейін уақытша тәркіленді. Айта кету керек, шара 10-сәуірге дейін жалғасады.
— Аңшылардың дені қару сақталатын темір жәшікте ақша, құжат пен басқа да құнды заттарды сақтайды. Бұған заң бойынша қатаң тыйым салынған. Одан қалды, қаруды қапталмаған және оқталған күйде қоюға болмайды. Бұл – өрескел қателік. Жазатайым оқиғаға алып келуі мүмкін. Сонымен қатар, мас күйде қарумен жүруге тыйым салынады”, – деп мәлімдеді СҚО ПД баспасөз қызметі.))