СҚО-да ірі инвестициялық жоба қолға алынбақ. Түркиялық Tiriyaki Agro халықаралық агрохолдингі өңірде май өңдеу зауытын салуды жоспарлап отыр. Жоба Qyzyljar арнайы экономикалық аймағында жүзеге аспақ. Кәсіпорында тәулігіне 1500 тоннаға дейін өнім шығару көзделген. Бұл бастама өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
— Біздің өңір дәнді және майлы дақылдар өндірісінде, оның ішінде күнбағыс, рапс және зығыр бойынша жетекші орында. Майлы дақылдарды өңдеуге бағытталған бұл жобаның жүзеге асуы облыстың өңдеу өнеркәсібін ары қарай дамытуға септеседі. Сонымен қатар, жаңа жұмыс орындарын құруға, өңдеу қуаттылығын арттыруға және өңірдің инвестициялық тартымдылығын күшейтуге мүмкіндік береді.