Қоғам

СҚО-да ағаш өңдеу зауыты салынады

Үкімет Солтүстік Қазақстан облысында ағаш өңдеу зауытын салу жөніндегі инвестициялық келісімді мақұлдады. Жалпы құны 70 млрд теңге болатын жоба 2026-2028 жылдары іске асырылады. Оны іске қосу кемінде 160 тұрақты жұмыс орнын құруға, ел ішінде ағаш өңдеуді кеңейтуге, дайын өнім өндірісін арттыруға және өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді. Петропавлда орналасатын кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына шамамен 600 текше метр ағаш-жаңқалы плита және 20 млн шаршы метр ламинацияланған ағаш-жаңқалы плита өндіруге жетеді.