Құқық қорғау органдары

СҚО-да бесінші «Жас сақшы» сыныбы ашылды

Ғабит Мүсірепов ауданында орналасқан №1 Новоишим орта мектебінде «Жас сақшы» сыныбы ашылды. Бұл айтулы шара Халық Қаһарманы, полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың туған күнімен тұспа-тұс келді. Білім ұясындағы 26 оқушы іріктелген. Олар арнайы форма киіп, құқық қорғау органдарындағы болашақ қызметке бағытталған оқуды бастады. Салтанатты шараға ата-аналар, ардагерлер, педагогтар және тәртіп сақшылары қатысты. Полиция департаменті бастығының орынбасары Абылғазы Ғабдуллин енді оқушылардың тәртіпті, жауапты болып, қосымша пәндерді меңгеруде белсенділік танытатынын атап өтті. Офицерлердің жетекшілігімен ұл-қыздар саптық дайындықты, атыс қаруын бұзып-жинауды, құқықтық қызмет негіздерін, криминалистиканы, дене дайындығы мен өзін-өзі қорғауды меңгереді. Аймақта «Жас сақшы» сыныбының саны бесеуге жетті. Бұған дейін мұндай сыныптың үшеуі Петропавлда, біреуі Сергеевка қаласында ашылған еді.