Құқық қорғау органдары

Петропавлда “Белдік тақ” акциясы өтті

Қарапайым ережені сақтау – жүргізушінің, жолаушының өмірін сақтау. Петропавлда “Белдік тақ” акциясы өтті. Аты айтып тұрғандай, “Заң және тәртіп” тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылған шарада жалпыға ортақ талапты орындау жайлы кеңінен айтылды.

Жалпыға ортақ талаптың бірі – белдік тағу. Жүргізуші де, жолаушылар да бұл ережені ескеруі тиіс. Белдіктің бойындағы темірді ұстап, арнайы жабдыққа сырт еткізу секундтарды қажет етеді. Кірпік қаққанша аяқталатын іске кейбіреулер пысқыра қарайды. Бұл – заңға бағынбау, жауапкершіліктің жоқтығы. Осы турасында шенділер тарапынан маңызды кеңестер айтылды.

САНАТ ЕМЕНАЛИН, Петропавл қалалық ПБ ППБ қызметінің аға инспекторы:

— Іс-шара барысында ата-аналарға, жүргізушілерге көлікте балаларға арналған орындықты дұрыс пайдалану жайлы да айтамыз.

Акция барысында сауда орнындағы, автотұрақтағы адамдар қамтылды. Жаз келе жатыр. Жүргізушілер жанұясымен алыс сапарларға шығады, жүріс-тұрыс көбейеді. Ал талаптарды орындау әрқашан есте жүруі тиіс.