Солтүстікқазақстандықтарға құлаққағыс! Петропавлда белорустық аяқ киім жәрмеңкесі жалғасуда. Шетелдік саудагерлер қала тұрғындары мен қонақтарын жаңа тауарлармен қуантты. Облыс орталығына маусымдық және жазғы топтама жеткізілді. Кроссовкилер, туфли түрлері және бәтеңкелер. “Бұлардың барлығы сапалы әрі жайлы”,- деп сендірді сатушылар.
ИРИНА МАСЛОВА, сату жөніндегі менеджер:
— Әйелдер аяқ киімінің өлшемдері 36-дан 43-ке дейін, ерлердікі 40-тан 46-ға дейін. Барлық өнім сапалы. Жазғы тауар жеңіл. Басты артықшылығы – киюге ыңғайлы. Бұл үлгілер аяғында жайсыздықты сезінетін немесе табан ерекшелігі бар адамдарға өте қолайлы. Біз сіздерді күтеміз.
Әр келуші талғамына сай аяқ киім таба алады. Табаны нығыз, балтыр тұсы кең, бақай сүйегі шығыңқы келген жандар үшін ыңғайлы нұсқалар бар. Тауар қолжетімді бағада сатылады – құны 15 пен 20 мың теңгенің аралығында. Жалпы, мұнда қысқы және көктемгі аяқ киімдерге қатысты жеңілдік науқаны жүріп жатыр. Жазғыны да жайлы бағамен алуға болады. Жәрмеңке тұрғындарға арасында сұранысқа ие. Тіпті тұрақты келушілері де бар.
Сонымен қатар, табиғи материалдан, түйе, қой жүні және мамықтан жасалған төсек жабдықтарының түр-түрі қойылған. Партизан көшесі, 101 мекенжайы бойынша орналасқан «Автомаркет» ғимаратының 2-ші қабатында қанат жайған жәрмеңке сәуірдің 12-сіне дейін жалғасады. Сауда уақыты әдеттегідей таңғы сағат 9 бен кешкі 6 деп белгіленген. Ал демалыс күндері жәрмеңке 5-ке дейін жұмыс істейді.
Жаннұр Бектұрғанова