СҚО әкімдігі

Аудан әкімі су құбырындағы ақауға қатысты пікір білдірді

Есіл ауданындағы Бірлік ауылында 50-ден астам отбасы түтін түтетіп отыр. Соңғы жылдары елдімекенге ерекше көңіл бөлінуде. Ауылды республикалық автожолмен байланыстыратын жол жөндеу көрді. Баспаналар орталықтандырылған ауыз сумен қамтылуда. Маңызды іске өткен жылы 600 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған. Өкінішке қарай, жұмыс барысында кемшіліктер орын алған. Су құбырынан ақау анықталуына байланысты ауыл тұрғындарының жартысына тіршілік көзі жетпей отыр. Аудан әкімі Мереке Мұхамедияров түйткілден хабардар. Басшы мәселе жақын арада шешілетінін жеткізді.

МЕРЕКЕ МҰХАМЕДИЯРОВ, Есіл ауданының әкімі:

— Күн жылып, қар еріген соң құбырлардың бірінен ақау табылды. Жауапты мердігермен сөйлестім. Дүйсенбі мәселе шешімін табады.