ҚР Конституциясын қабылдау қарсаңында ел көлемінде ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Осы кезеңде бұқаралық ақпарат құралдары қоғамға референдумның мән-маңызын кеңінен жеткізді. 15-ші наурыз күні тұрғындар сайлау учаскелеріне барып, ел болашағына қатысты таңдауларын жасады. Негізгі заңның 23-бабында сөз еркіндігіне, сондай-ақ, ғылыми, техникалық және шығармашылық қызметке кепілдік берілетіні айқын көрсетілген.
ЮЛИЯ ПРОНИНА, «Проспект СК» облыстық газетінің бас редакторы, облыстық мәслихат депутаты:
— БАҚ өкілі ретінде айтарым, Конституция – кәсіби қызметтің сенімді тірегі. Егер адам өз ісіне адал болып, заң талаптарын сақтаса, оған барлық мүмкіндік қарастырылған. Бұл құжат қоғамдағы ашықтық пен әділдікті нығайтуға ықпал етеді. Сондықтан, әр азамат өз құқығын біліп қана қоймай, оны тиімді пайдалана алуы қажет.