Құқық қорғау органдары

Велосипед ұрлаған петропавлдық ұсталды

Жертөлеге құлыпты бұзып кіріп, «Ranger» маркалы велосипедті ұрлап әкеткен. Петропавлда 27 жастағы жігіттің мүлкі бейнебақылау камераларындағы жазбалар арқылы табылды. Қос дөңгелекті көлікті жымқырған азамат қала маңындағы ауылдардың біріне тайып тұрыпты.

АЛМА ЫБРАЕВА, СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі:

— Криминалдық полиция қызметкерлері “Ranger” маркалы велосипедті ұрлады деген күдікпен облыс орталығының тұрғынын ұстады. Ол 37 жаста. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Шуақты мезгілде велосипед пен балалардың арбасына қырағы болу керек. Көпқабатты үйлердің кіреберісінде қалған мүлік ұрылардың оңай олжасына айналуы мүмкін. Сондықтан, оларды арнайы құлыптау жабдығымен байлап қойған абзал. Ал жертөлеге сенімді құлып қойған жөн.

АЛМА ЫБРАЕВА, СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі:

— Велосипедтерді кіреберістерде және өзге де жалпыға қолжетімді орындарда қараусыз қалдырмаңыз. Ұрлап әкетуге мүмкіндік бермейтін заманауи “арқандарды” және басқа да қорғаныс құрылғыларын пайдаланыңыз. Мүмкіндігінше мүлікті бейнебақылау камералары орнатылған жерге қойыңыз. Ал ұрланған жағдайда дереу полицияға «102» арнасы арқылы хабарласыңыз.

Жыл басынан бері Петропавлда велосипед ұрлығының 3 фактісі тіркелген. Бүгінде олардың барлығы ашылыпты.