СҚО әкімдігі

Евгений Кинцель: «Құрылтай сайлауы – елді демократияландыру жолындағы маңызды қадам»

15-наурыз күні елімізде ҚР Конституциясын қабылдау жөнінде жалпыхалықтық референдум өтті. Онда әр азамат өз таңдауын жасап, ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті. Нәтижесінде халық негізгі заңды қолдап, ел дамуының жаңа бағытын айқындады. Конституцияның маңызды бөлімдерінің бірі Құрылтайға арналды. Бұл – заң шығару билігін жүзеге асыратын жоғары өкілді орган. Құрылтай құрамына 145 депутат енеді, олардың өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды. Депутаттар халықтың тікелей дауыс беруі арқылы сайланады.

ЕВГЕНИЙ КИНЦЕЛЬ, облыстық мәслихат депутаты:

Жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін халық кеңесі өз жұмысын бастайды. Дегенмен, басты назар – Құрылтай сайлауында. Әрбір азамат белгілі бір саяси партияға дауыс беру арқылы елдің алдағы дамуына өз үлесін қосады. Саяси партиялардың әрқайсысының өзіндік бағдарламасы, өзіндік ұстанымы бар. Сондықтан, Құрылтай сайлауы – қоғамымыздың демократиялық дамуына серпін беретін маңызды қадам.