Есіл ауданында жалпыаудандық “Таза бейсенбілік” шарасы өтті. Маңызды шара алғаш рет плоггинг форматында ұйымдастырылды. Тұрғындар іске кіріспес бұрын бой шынықтыратын жаттығулар жасап, саябақта жүгірді.
МАХАББАТ САМРАТ, Есіл аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы:
— Тазалық шарасына 1500-ге жуық адам қатысты. Нәтижесінде аудан бойынша 875 тонна қоқыс шығарылды.
Бос тұрған бірде-бір жанды көрмейсің. Қолдарына тырма, күрек ұстаған жандар жердегі шөп, жапырақ пен бұталарды жинады. Қалдықтарды техникаға оңай арту үшін бірден қаптарға салуда. Айта кету керек, тазалық шарасына 1500-ге жуық адам қатысты.
ДИНА ОСПАНОВА, Явленка ауылының тұрғыны, Есіл ауданы:
— Саябақтарда біздің балаларымыз бен немерелеріміз ойнайды. Өзіміз де серуендейміз. Сондықтан, демалыс орнының таза болып тұрғаны аса маңызды. Ауылда өтетін тазалық шараларына жиі қатысамын. Бұл – менің азаматтық борышым.
Есіл ауданында тазалық шаралары алдағы уақытта жалғасын табады. Бұл маңызды жұмыстар тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға зор ықпалын тигізеді.
Нұрасыл Ахмет