Ауыл еңбеккерлері бас қосқан жиында бірқатар серіктестіктерге су жаңа тракторлардың кілті табысталды. Диқандарға тегеурінді техникаларды “ҚазАгроФинанс” АҚ тарту етті. Мағжан Жұмабаев ауданындағы “Писаревское Агро” серіктестігінің директоры Жамбыл Қамытаяқовтың төбесі көкке бір елі жетпей тұр. Бүгін оған “CLASS” зауытында құрастыралған трактор табыс етілді.
ЖАМБЫЛ ҚАМЫТАЯҚОВ, “Писаревское Агро” ЖШС директоры, М.Жұмабаев ауданы:
— Былтыр алқаптарымызға дәнді және майлы дақылдар септік. Орташа шығымдылық 34 гектарды құрады.
Техниканың тілін механизатордан артық ешкім білмейді. Қазақстанның Еңбек ері Мұрат Қаражұмановтың техника тізгінінде жүргеніне 45 жылдан асқан. Білікті маманның сөзінше, тегеурінді тракторлар еңбеккерлердің жұмысына тікелей әсер етіп, мол өнім алуға мүмкіндік береді.
МҰРАТ ҚАРАЖҰМАНОВ, Қазақстанның Еңбек ері:
— 45 жылдың ішінде талай техниканы тізгіндедім. Айырмашылық жер мен көктей. Заманауи технологиялар саланың дамуына зор септігін тигізіп жатыр.
Айта кету керек, шарада барлығы – 7 серіктестікке су жаңа техниканың кілті табысталды.
Нұрасыл Ахмет