Білекті жігіттер бәсекесі! Сергеевка қаласында қазақ күресінен жастар арасында облыстық турнир өтті. Жан-жақтан жиналған палуандар әртүрлі салмақ дәрежесі бойынша күресіп, кіл мықтыны анықтады. Сайыс Шал ақын ауданы Ысқақ Ыбыраев ауылының тумасы, жергілікті жұртшылыққа танымал педагог, өлкетанушы Ғалым Қадыралинді еске алуға арналды. Елге танымал тұлға “Асыл Мұра” орталығының тұңғыш жетекшісі болған. Теріскей тумасы көзі тірі болса биыл 90 жасқа толар еді.