Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж қабырғасында «Жастар сағаты» кездесуі өтті. «Заң және тәртіп» республикалық бағдарламасы аясында ұйымдастырылған жиында қаузалған тақырыптың бірі – адамның иммун тапшылығы вирусының таралуы. Қоғамдағы өте өзекті мәселе. Жиынға арнайы орталықтың маманы шақырылып, студенттерге дерттің берілу жолдары, қаупі турасында мол мәлімет айтылды.
ОКСАНА СИМУХИНА, СҚО АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі орталықтың маманы:
— Адамның иммун тапшылығы вирусы мәселесі өзінің өзектілігін жоймай тұр. Әсіресе, жастар арасында өте маңызды дегім келеді. Бұл тұрғыда қыз-жігіттердің барлығының білім деңгейі жоғары деп айта алмаймын. Оны статистика аңғартып отыр. Мысалы, өңірімізде вирустың жыныстық жолмен таралу көрсеткіші 77 пайызды құрайды. Ал парентеральды жолмен берілу – 16,8 пайыз. Осыған байланысты біз алдын алу жұмыстарына қарқын қостық.
Кейбір адамдар психоактивті заттарды тұтынады. Маманның пікірінше мұндай адамдардың вирусқа шалдығу ықтималдылығы 99,9 пайызды құрайды екен. Жастар айтылған деректерді ұйып тыңдады.
ЖАНСҰЛУ НҰРПЕЙІСОВА, Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледждің студенті:
— Заң және тәртіп» бағдарламасы аясында кездесу өтіп жатыр. Бүгін есірткінің, СПИД-тің таралуы туралы айтылуда. Бұл – жастар үшін өте маңызды мәселе.
Сонымен қатар, «Жастар сағаты» кездесуінде ішімдікке әуестік, жастарға алкоголь сату мәселесі туралы да айтылды. Қолданыстағы заң талаптары жіпке тізілді.
Байболат Құлтанов