Ел мерейін асырған спортшы – жастарға үлгі. Қысқы Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №9 орта мектептің оқушыларымен кездесті. Тағылымы мол шарада толағайымыз ұл-қыздарға өзінің жүріп өткен жолы, кездескен қиындықтар мен жетістіктері жайлы айтып берді. Ербол Хамитов алдағы уақытта басқа да білім ордаларын аралайтын болады.
ЕРБОЛ ХАМИТОВ, XIV қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы:
— Қандай да жағдай болмасын сынбау қажет. Әрдайым ізденісте жүру керек. Талмай еңбек етсек қана жетістікке жете аламыз.