Солтүстік Қазақстан облысына “Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институтының” өкілдері келді. Олар – ауыл шаруашылығына арналған бірегей технологияларды енгізумен айналысатын ғалымдар. Қонақтар өңіріміздің кәсіпкерлеріне институттың әзірлемелерін таныстырды. Жаңашылдықтар қайта өндіру саласында қолданылады, агро-шаруашылықта тиімді нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, меймандар тиімді инвестицияға қатысты сұрақтарға жауап берді.
ЖҰМАТАЙ ОРАЗБАЕВ, Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы, Астана қаласы:
— Ғылым қоры үлкен конкурс жариялады. Қазақстан бойынша оны 45 жоба ұтып алды. Соның ішіндегі 17-сі – біздің институтымыздың әзірлемелері”. Сол жобаларымызды бүгін жергілікті кәсіпкерлерге ұсынып, бірге жұмыс жасауды жоспарлап отырмыз.
Ғалымдармен ынтымақтасуға ірі кәсіпорындар ғана емес, шағын серіктестік өкілдері де қатыса алды. Шаруаларға “Ғылым қоры” АҚ 250 млн теңге көлеміндегі қайтарымсыз грант ұтып алу мүмкіндігін ұсынып отыр. Ол үшін ұсынылған жобаның бірін таңдап, жүзеге асыры қажет.
МАКСИМ СУТУЛА, Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы басқармасы төрағасының орынбасары, Астана қаласы:
— Бізде тәжірибе көп. Біз ет және ет өнімдерін, сүт және сүт өнімдерін, нан-тоқаш, кондитерлік тағамдарды, майлы өнімдер мен барлық түрдегі мал азығын, балық азығын қайта өңдеу бағытында жұмыс істейміз. Қызықты жобалар жетерлік. Қазақстанның барлық өңірлерінде коммерцияландыру бойынша жұмыс істейміз. Петропавлда қатты ірімшік өңдеумен айналысатын кәсіпкерлікпен ынтымақтастығымыз бар.
Арнайы топ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тағы бірнеше қаланы аралайды. Ғылым мен білімге құштар жандар кәсіпкерлермен жұмыс істеуге дайын.
Жаннұр Бектұрғанова