Бұл – Петропавлдағы Пугачев көшесі бойында тұратын тұрғын түсірген бейнежазба. Видеодан айналаның лай-батпақ және тұрмыстық қалдықтарға толы екенін көруге болады. Аталған аумақта адам жүрмек түгілі, жеңіл көліктің өтуі қиындап кеткен. Оны бейнежазбадағы сазға батып тұрған машинадан көруге болады.