Өңірде патрульдік полицейлер профилактикалық жұмыстарды күшейтті. Мамандар қызметке түсер алдында сап түзеу ұйымдастырылады. Мұнда тәртіп сақшыларына шаһар сыртындағы автожолдарда, қала көшелерінде заңдылықты қамтамасыз ету бойынша міндеттер қойылады.
АЛТЫНБЕК ЖАМАЛИЕВ, СҚО ПД ӘПБ бастығы:
— Негізгі назар жол қозғалыс ережелерін бұзатындарды анықтауға, соның ішінде мас күйінде көлік жүргізу, жылдамдық нормасын сақтау, балаларды тасымалдау ережелерінің орындалуы қадағаланатын болады. Әрбір жол қатысушысын сыйластық пен жауапкершілікке шақырамыз!
Назар аударатын тағы бір жайт – мемлекеттік тіркеу нөмірлерінің көрінуі. Әлі көшедегі су мен саз кеппеді. Бұл сандар мен әріптестердің көрінуіне кері әсер етеді.
Петропавлда өткен түнгі рейд барысында полицейлер маневр жасау қағидаларын бұзғаны үшін 3 жүргізушіні, ал бағдаршамның тыйым салатын белгісіне өткені үшін 2 жүргізушіні жауапкершілікке тартты. Ал бір тұлға Қазақстан Конституциясы көшесі бойындағы жаяу жүргіншілер жолағының үстіне көлігін қойған.
Сондай-ақ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері басқа құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларды да тексерді. Жұмыс барысында қаланың солтүстік-шығыс бөлігінен дүкен баспалдағында мас күйде отырған ер адам туралы ақпарат түсті.
Қарт ер адам мас емес, бірақ бағдарын жоғалтқан болып шықты. Ол қабылдау-тарату пунктінің қызметкерлеріне тапсырылды. Жалпы, бір түн ішінде Петропавлда полицейлер 27 шақыртуға шығып, 19 түрлі құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 5 адам қоғамдық орындарда мас күйде жүргені үшін жауапкершілікке тартылды.
Жаннұр Бектұрғанова