Бұл – Аида Мүсенова. Нәзікжанды 20 жылдан бері спорт десе ішер асын жерге қояды. Ол футзал ойнады, күреспен айналысты, бертін келе греплинг пен джиу-джитсуға қызығушылығы ауды. Таңдауы төрге сүйреді. Биыл петропавлдық азаматша джиу-джитсудан Қазақстан чемпионы атанды.
АИДА МҮСЕНОВА, джиу-джитсудан Қазақстан чемпионы:
— 2025 жылы Қазақстан бойынша греплинг сайысы өтті. Сосын осы жарыста өз күшімді сынағым келді.
Нәзікжанды 2 ер баланы тәрбиелеп отыр. Басты қолдаушылары – жанұясы. Жолдасы мен балалары әр жарысқа шығарып салып, тақым қысып отырады екен.
АИДА МҮСЕНОВА, джиу-джитсудан Қазақстан чемпионы:
— Үлкен ұлым ән айтады, кіші ұлым маған тартқан.
Қазір нәзікжанды Астанада өтетін Азия чемпионатына қызу дайындық үстінде. Аида Мүсенова болашаққа үлкен мақсат қойып отыр. Соның бірі – джиу-джитсудан Әлем біріншілігінде еліміздің намысын абыроймен қорғау.
Ұлан Ыдырыс