Қоғам

Өңірде су тасқыны бойынша жағдай тұрақты

Өңірдегі су тасқыны жағдайы тұрақты. Сергеев су қоймасында судың деңгейі 27 см-ге төмендеген. Бірақ Есіл өзеніндегі су көлемі 1 см-ге артты. Бірақ одан қауіп төніп тұрған жоқ. Қазіргі таңда ТЖД-де су тасқынына қарсы штаб құрылған. Мамандар белгіленген аумақтарда оқыс оқиғалардың алдын алу үшін күн сайын кезекшілік атқарады.

ӘСЕТ ШАЙКИН, СҚО ТЖД бөлім бастығы:

— Өңірде 1 автожолды су шайып кетті. Бұл дерек Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық тасжолының 118 шақырымында тіркелді. Оқиға кеше ғана орын алған. Қазіргі таңда ол жерде жол саласы және ТЖД мамандары жұмыс істеуде.