Қоғам

Ұлыстың ұлы күні туғандар

Ұлыстың ұлы күні туғандар! Петропавлдағы облыстық перинаталдық орталықта әз-Наурыз мерекесінде 7 нәресте өмір есігін ашты. Дүниеге келген балалардың 5-еуі – ұл, 2-еуі – қыз. Ең бірінші ер бала туды. Жамбыл ауданынан келген нәзікжанды түнгі 1-ден 45 минут кеткенде шақалақтың шырылын естіді. Сәбидің салмағы 2 келі 450 грамды құрайды. Қазіргі таңда ананың да, баланың да жағдайы жақсы. Жақында үйге шығарылып, шаңырақтарына шаттық сыйламақ.