СҚО-да мұз опырылып, адамдардың суға кету дерегі тіркелген жоқ! Мұндай дерекпен Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі бөлісті. Ал еліміздегі статистка еңсені түсіреді. Қыс басталғалы республика аумағында 32 адам аса қиын жағдайға тап болған. Оның 13-і – бала. Қуанышымызға орай, құтқару бөлімшелерінің үйлесімді жұмысының арқасында барлығы аман қалған. Қазір Қазақстанда “Мұз” республикалық алдын алу акциясы жүргізілуде. Оның барысында 20 мыңнан астам рейд пен патрульдеу шарасы ұйымдастырылды, 80 мыңға жуық азаматпен профилактикалық әңгіме жүргізілді және 30 мыңнан астам балықшыға нұсқаулық таратылды.