Қоғам

Облыс әкімі өңірдегі су тасқыны қаупі бар аумақтарды тексерді

Облыс әкімі өңірдегі тасқын қаупі төніп тұрған аумақтарға аэровизуалды мониторинг жүргізді. Оның барысында Ғауез Торсанұлы Шал ақын, Ғ.Мүсірепов, Есіл, Айыртау, Ақжар, Уәлиханов және Тайынша аудандарының тасқынға дайындық барысын тексерді. Сонымен қатар, аймақ жетекшісі Шағалалы өзені, Үлкен және Кіші Торанғұлға құятын өзен арналары мен Ақмола облысындағы Сілеті су қоймасының жағдайымен танысты. Өңір басшысының сөзінше, қазіргі таңда облыстағы жағдай тұрақты. Барлық жауапты қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

— Өңірдегі су басу қаупі бар аумақтарды араладым. Үлкен Торанғұл көлінде ылғал қоры өткен жылмен салыстырғанда едәуір төмен екен. Ол былтырғы көрсеткіштен 74%-ға кем, оған қоса Есіл ауданында қар қоры қарқынды азайып келеді. Бірақ оған тоқмейілсудің керегі жоқ, себебі қалған аудандарда басты қауіп еріген қар суынан төнуі мүмкін. Сонымен қатар, Шағалалы өзенінде су деңгейінің аздап көтерілуі тіркелді, алайда ол өткен жылғы көрсеткіштерден төмен.