Мәдениет

Табиғатты аялауға шақыратын қозғалыс

Петропавлдағы “Экодвиж” қозғалысы осыдан бірнеше жыл бұрын құрылған. Оның мүшелері табиғатты аялауға, тазалықты сақтауға айтарлықтай үлес қосып жүр. Белсенді жерлестеріміз әртүрлі бағытты ұстанады. Қоршаған ортадағы қалдықтарды жинау, қоқысты дұрыс кәдеге жарату бойынша семинарлар және қажетсіз заттарды адамдар арасында алмастырып, пайдаға жарату жөніндегі кездесулер. Мұның барлығы уақытты, күш-жігерді талап етеді.

СНЕЖАНА ГУБАЙДУЛИНА, экоқозғалыс белсендісі:

— Біздің қозғалыс жай ғана жоба емес, бұл – жаңаша ойлау, қоғамға тыңнан пайда әкелу мәдениеті. Біз аса айтыла бермейтін мәселелерге үңілеміз. Сол арқылы қоршаған ортаға, қоғамға пайда әкелеміз. Қатарымызға қосылғысы келетін адамдар болса, есігіміз әрдайым ашық.