Мәдениет

СҚО-да инженер-ұстаз домбыраның ерекше түрін ойлап тапты

Берік Аманжол – сегіз қырлы, бір сырлы жігіт. Аққайыңдық инженер-ұстаз – ерекше домбыраны жасаушы. “Бұлақ көрсең көзін аш” дегендей, ол бүгінде ұлттық аспаптың заманауи түрімен балалардың бойындағы дарынды оятып жүр.

БЕРІК АМАНЖОЛ, У.М. Ахмедсафин атындағы Совет орта мектебінің мұғалімі, Трудовое ауылы, Аққайың ауданы:

— Киров атындағы зауытта істеп жүргенде ойыма келді. Мектепке орналасқан соң жасап көруді жөн көрдім. 1 айда әзірленді. Материалды Kaspi дүкен және Wildberries арқылы сатып аламыз.

Атақты күйшіміз Дина Нұрпейісованың есімі берілген заманауи домбырамен 4 туындыны емін-еркін үйренуге болады. Олар: Әнұран, “Көзімнің қарасы”, “Кузнечик” және “Би күйі”. Ұлттық аспапты меңгеруге енді кіріскендер ең төменгі деңгейден бастайды. Кейін жылдамдық қосылады.

БАЙБОЛАТ БЕКТЕМІРҰЛЫ, тілші:

— Берік мырза жылдамдықты арттырса, пернелердегі шамдар жылдам жанып отырады. Әзірге маған ерте. Болашақта үйреніп жатсам, домбырады жылдам ойнайтын болам.

БЕРІК АМАНЖОЛ, У.М. Ахмедсафин атындағы Совет орта мектебінің мұғалімі, Трудовое ауылы, Аққайың ауданы:

— Инженерлік сала өзіміне ұнады, бұл салада 4 жыл жұмыс істедім. 3-4 айлап іссапарда жүрдім. Отбасыма қиынға соқты. Сол себепті ұстаздық мамандықты меңгеріп, мамандықты ауыстырдым.

Информатика және метематика пәнінен сабақ беретін Берік Аманжол өнертабысы үшін патент алған. Ол мұнымен тоқтап қалғысы келмейді. Алдағы уақытта ерекше домбыра арқылы үйренуге болатын туындылардың санын және шәкірттерінің қатарын арттыруға ниетті.

 

Байболат Құлтанов