Мәдениет

Қызылжар жұртшылығына қуаныш сыйлаған Наурыз

МӘДИНА ҚАБИ, тілші:

— Петропавлда Наурыз мейрамы қызу тойланып жатыр. Қазақстан Конституциясы көшесі бүгін нағыз думанға айналған. Мұнда ұлттық ойындар ойнатылып, ән мен күй шырқалып, тұрғындар мен қонақтарға мерекелік көңіл күй сыйлануда.

Владимир Шаталов ескерткішінің аумағында балақайларға арналып “Сиқырлы әлем” атты мильтфильм көрсетіліп жатыр. Балалар арнайы ұйымдастырылған алаңда отырып, түрлі қызықты әрі тәрбиелік мәні бар мульфильмдерді тамшалауда. Әр мультфильм баланың ойын дамытып, олардың көңілін көтеруге бағытталған. Ал осы аумақта тігілген киіз үйлердің бірінде Иван Шухов атындағы қалалық кітапхана қызметкерлері ұл-қыздарға арналған интерактивті ойындар ұйымдастырған. Бұл ойындарға қатысқан балалар өз білімдерін сынап, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алуда.

БАЛНҰР ЖОЛТАСБЕКОВА, кітапханашы:

— Ұлыс оң болсын. Барлық қазақстандықтарды мерекемен құттықтаймын. Біз мінекей “Алтын сақа” атты интерактивті-ойын ұйымдастырудамыз. Балалар келіп ойнауда, сыйлықтарын да алуда.

Саябақтың әр бұрышында түрлі жастағы адамдарға арналған ойын-сауық түрлері қарастырылған. Мұнда балалар ғана емес, ересектер де қызықты уақыт өткізе алады. Келушілер әртүрлі ойындарға қатысып, өз бақтарын сынап, сыйлық ұтып алу мүмкіндігіне ие.

Бір жерде адамдар топтасып, түрлі логикалық ойындарды ойнап жатса, енді бір жерде балалар аниматорлармен бірге көңілді ойындарға қатысуда. Би билеп, ән шырқап, шат-шадыман күй кешуде.

Мәдина Қаби