Мәдениет

Бірліктегі думан

Ұлыстың ұлы күніне орай “Бірлік” шағын ауданында да мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мұнда сахна құрылып, көңілді әндер шырқалды, ізгі тілектер айтылды. Ұйымдастырушы – қалалық мәдениет үйінің әртістері. Талантты теріскейліктердің өнерін тамашалауға айтарлықтай көп адам келмеді. Ал келгендер билеп, қосыла ән шырқап, көңіл көтерді, думанды сезінді.

ЮЛИАНА ЦИБИЗОВА, қалалық мәдениет үйінің әдіскері:

— Наурыз – жаңару мерекесі, көктемнің керемет мейрамы. “Бірлік” шағын ауданына думандатып келіп қалдық. Жарты сағаттық концерт ұсынамыз. Біздің әншілеріміз 10-нан астам ән шырқайды. Көңіл-күймен бөліскіміз келеді, мереке құтты болсын!