Мәдениет

Басты алаңда «Digital Nauryz» интерактивті алаңы ашылды

Наурыз мерекесіне орай Петропавлдың басты алаңда «Digital Nauryz» атты интерактивті алаңы ашылды. Аты айтып тұрғандай, киіз үйде салт-дәстүрлеріміз бен заманауи технологиялар үйлесім тапты. Мұнда Оқушылар сарайы мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының ерекше және қызықты жобалары мен шығармашылық әзірлемелері қойылған.

ДИНА ӘБІЛМАЖИНОВА, «Digital Urpaq» оқушылар сарайының директоры:

— Бүгін Оқушылар сарайындағы технопарк жұмысының бір бөлігін осы жерге алып келдік. 13 нүктеде іс-шаралар ұйымдастырылды. Соның ішінде ең қызықтысы – хакатон, робототехника және роботайм. Біздің өзіміздің ең үздік жобамыз да осы жерде. 100-ге жуық бала қатысуда. Бүгінгі күні олардың арасында сайыс жүріп жатыр.

Өнертапқыш балаларды және олардың ұстаздарын өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов құттықтады. Облыс әкімі жастардың жұмыстарымен танысып, жоғары бағалады. «Digital Nauryz» интерактивті алаңы келушілердің қызығушылығын тудыратыны анық.

Жангельді Жамалиев