Наурыз мейрамы Петропавлдағы көпқабатты баспаналардың аулаларында тойланды. Бұл – Чайковский көшесі бойында орналасқан 13-ші үйдің алды. Мұнда ауқымды концерт қойылып, ұлттық тағамдар таратылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысып, жерлестерін Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
— Барша жерлестерімді мерекемен құттықтаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Шара барысында пәтер иелері кооперативінің төрағаларына тұрмыстық заттар табысталды. Ауа райы мейірін төгіп тұр. Тұрғындар мәре-сәре. Балалар асыр салып ойнаса, үлкендер көңілді музыкаға биледі. Барлығы концертті қызыға тамашалады. Думан халықтың көңілінен шықты.
Шараға 100-ден астам адам қатысты. Айта кету керек, биыл облыста 80-ге жуық көпқабатты баспананың ауласы жөндеу көреді.
Нұрасыл Ахмет