Спорт

Ұлттық спорт ұлықталған күн

Ұлттық спорт күніне орай Петропавлда қазақ күресінен жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті. Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысы мен Астана қаласы. Бозкілемде еліміздің 8 өңірінен келген 200-ге жуық палуан бақ сынады.

АСЫЛХАН БОЛАТОВ, шараны ұйымдастырушы:

— Бұл іс-шараны облысымызда өткізу себебі – өңірімізде беделді спортшылары арттыру. Өңіріміздің ұлттық спортын дамытуға, балалардың өнерін жетілдіруге септігін тигізеді деп ойлаймын.

Жасөспірімдер арасында республикалық турнир осымен 9-шы жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Палуандар тыңғылықты дайындалған. Әрқайсысы үйіне чемпиондық атақпен қайтқысы келеді.

Мен қазақ күресімен 2 жыл бойы айналысамын. 2 жылда көптеген сайыстарда жеңіске жеттім. Күрес мені ешқашан тайсалмауға, жетістікке жетуге және қарсыластарымды құрметтеуге үйретті.

Қазақ күресі үйірмесіне 1 жылға жуық уақыт бұрын жазылдым Тимирязев ауданынан келдім. Республикалық сайысқа 2-ші рет қатысудамын. Бүгін жеңіске жетемін деп ойлаймын.

Наурыз қарсаңында ұйымдастырылған республикалық турнир бағдарламасы қызықты. Палуандар күреспен шектелмеді. Олар артқан тартты, асық атты және тоғызқұмалақ ойнады.

Жаннұр Бектұрғанова