Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушы қыздар арасында дәстүрлі шахмат турнирі өтті. Додаға аймақтың 18 жасқа дейінгі 45 спортшысы қатысты. Олар жас ерекшелігі бойынша бақ сынады. Бұл сайыс өңірдегі қыздардың ойлау қабілетін дамытатын ойынға деген қызығушылығын арттырып, дарынды оқушыларды қолдауға бағытталған. Шара соңында қатысушыларға сертификаттар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.
АЙДОС АҚЫЛБЕКОВ, ата-ана:
— Осы турнирге біз үшінші рет қатысып отырмыз. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Қызым шахмат үйірмесіне 5 жылға жуық қатысып жүр. Дайындығы өте жақсы деп айта аламын.